kazakhstan news

Residents face hot water shortage during pipe repairs

Taraz residents are struggling with prolonged hot water outages as authorities replace aging infrastructure to prevent heating failures next winter.

Салқын суға шомыламыз.. Сосын газға шелекке қойып қоямыз.. Баяғы өмірімізге келе жатырмыз ғой.. Жылуды да ерте өшіріп тастадыңдар.. Әкімдік, Тараз ыстық судың бастықтары бәрін ойлау керек қой.. Бір айдан бері жуынған жоқ балалар.. Өзіміз мүлде жуынбаймыз.. Балаларымыз шаңға ойнап келеді.. Ол бала жуынбай ма, жуыну керек қой.. Енді біз қазанға дейін қалай күн көреміз.. Шіреміз ғой шынын айтқанда.. Бұл жұмыстар алдағы жылыту маусымын қауіпсіз өткізуге бағытталған.. Жылу желілерінің тозу деңгейі 75 пайыздан жоғары көрсетті.. Бұл дегеніміз өте жоғары көрсеткіш.. Соған байланысты ЖСҚ әзірледік.. Қаражатын республикалық бюджеттен сұрадық.. Бүгінгі таңда қолдау тауып, құрылыс жұмыстарын қазір жүргізіп отырмыз.. Атқамінерлердің айтуынша, ескіріп, тот басқан құбырлар қазір жаңартылмаса, қақаған қыста 100-ге жуық көпқабатты үй жылусыз қалуы мүмкін.. Сондықтан тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қараса дейді.. Сараптамаға сәйкес құрылыс мерзімі 9 ай деп белгіленген.. Алайда әкімдік бұл жұмысты мердігер мерзімінен бұрын 6 айда аяқтайды деп сендірді.

hot water shortage, Taraz news, pipe repairs, heating infrastructure, municipal utility, urban maintenance

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Are you human? Please solve:Captcha


Secret Link